Ләйлә Сұлтанқызы гендер-патидің қазақта бұрыннан бар екенін еске салды

0
291

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Zamandas подкастында гендер-пати жасайтындарға қатысты пікір білдіріп, ондай дәстүрдің қазақ халқында да бар екенін айтты.

Ол қазақта бар. «Құрсақ той» деп аталады. Біз шар іліп, оны америкалық етіп жібердік. Оның барлығы әдемілік үшін жасалады. Гендер-пати жасайтындарға «жасама» деп айта алмайсың. Олар да жақсы ниетпен, жақсы оймен жасайды. Өзімізге бір естелік қалсыншы дейді, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сондай-ақ ол «Қырқынан шығару» дәстүріне қатысты да өз пікірін білдірді.

Неге «40 күн» деп айтады? Әйел 40 аптасында босанады, 40 күннен соң баланы қырқынан шығарады. Оған дейін бала екі өмірдің ортасында болады дейді. Сол үшін 40 күннен кейін түрін көрсетіп жатады, – деді тележүргізуші.

Фото: hellomagazine.com



ПІКІР ЖАЗУ