«Әйелі қазақша, өзі орысша білмейді» – Серікзат Дүйсенғазы туралы сыр

0
334

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов «Жақсы адамдарым» бағдарламасында айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының әйелімен қалай танысқанын айтып берді.

Біз де жас болдық. Астанада «Баян» деген кафеде үнемі бас қосамыз. Бойдақ кезіміз. Бәріміз сол жерге қыздарымызбен келеміз. Бір күні Серікзат Айнұрды алып келді. Ол бірауыз қазақша білмейді. Солтүстік өңірінің қызы. Секең орысша білмейді. Айнұр көп сөйлемейтін. Бір күні сондай отырыстың бірінде Айнұр тұрып: «Серікзат, я пошла домой» деді. Досымыз да саспай: «Пошласы несі, қазір бірге пошла боламыз» деді. Отырған адамдар ду күлді. Біз «Қалай екеуің сөйлесесіңдер?» деп күлетінбіз, – деді Тұрсынбек Қабатов.

Сондай-ақ ол Серікзат Дүйсенғазыны әйелдеріне еріп, орысша сөйлеп кететін ер-азаматтарға үлгі етті.

Көп ер-азамат Серікзаттан үлгі алса екен деймін. Әйеліне еріп, орысша сөйлеп кетпей, жарын қазақша сөйлетіп жіберді. Қазір Айнұр қазақшаны Серікзаттан да артық біледі. Балалары да сондай тәрбиелі, қазақша ғана сөйлейді, – деді әзілкеш.



ПІКІР ЖАЗУ