Алматыда Шекара академиясының курсанты қаза болды

0
27

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлап, қаза болды.

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болған. Болжам бойынша, марқұм 19 жаста екені айтылады.

Қала полициясының мәліметінше, осы дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ