Әнші Бүркіт енесіне көлік сыйлады (ВИДЕО)

0
866

Танымал әнші Бүркіт жұбайы Аишаның анасына көлік сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желіде парақшасында жазып, видео жүктеді.

Оның жазуынша, бұл бағалы сыйлық Аишаның анасына деген сыйы.

«Мен әлі көп нәрсе үйренуім керек екен жұбайымнан. Былай айтқанда, бұл енді сахнада екеуіміз жүрген соң, мен ойлаймын, бұл Аишаның өзінің анасына сыйы. Иә, түсінем, үй иесі мен болғанмен, анасы ғой. Мен айттым, бұл қызыңыздың сізге сыйлаған сыйы деп. Недеген қарапайымдылық десеңші, Аишанікі. Жоқ, бұл Айбек жасаған сыйлығы, нақты өзінің инициативасы деп шетте тұр. Мен біртүрлі сезімде болдым шынымды айтсам… Басқа адам болса, «Да, мама, это мой тебе подарок!»- деп кеудесін қағар еді. Аллаһыма мың рахмет маған осындай жар сыйлағанына! Жұмада жасаған игі ісіміз. Сондықтан, мен жұбайымнан әлі де қарапайымдылыққа үйренуім керек екен деген шешімге келдім», – деп жазды әнші.


ПІКІР ЖАЗУ