Ақтауда қоқыс контейнерінен MMA файтерінің мәйіті табылды

0
69

Ақтау қаласында аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыс контейнерінен табылды деп хабарлайды politico.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, 20 қыркүйекте Ақтаудағы 3-шағын ауданда табылған файтер Вусал Жафаровтың денесі жараланып, толық ісінген, беті қарайған. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Ер адамның денесінің табылғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Желі қолданушыларының мәлімдеуінше, ұрып-соғу белгілері бар Вусал Жафаровтың мәйіті бірнеше күн бойы көшеде жатқан.

Айта кетсек, Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастап, 4 жекпе-жектің біреуінде ғана жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.



ПІКІР ЖАЗУ