Оңтүстік Африкаға қалың қар түсті

0
90

Сенбіде Оңтүстік Африкада қалың қар жауып, жолдар жабылып қалған.

Ерекше қалың қар жергілікті жұртқа Оңтүстік Африка жолдарында кедергі жасады. Соның салдарынан жүргізушілер айдалада қалып қойған.

Шенеуніктердің айтуынша, Йоханнесбург пен шығыс жағалаудағы Дурбан қаласын байланыстыратын негізгі №3 тасжолы қатты зардап шекті. Оның бірнеше учаскесі жабылып, айналма жолдар жүруге жарамсыз болып қалған. Квазулу-Натал провинциясының Үкіметі түскі уақытта кейбір көлік жүргізушілеріне көрпе мен азық-түлік жеткізілгенін мәлімдеді.

Провинциялар арасына қатынайтын автобустар жанармай құю станцияларында шамамен 7 сағат тұрып қалды, – деді жол қозғалысын басқару корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Саймон Цванеол.

Көлік жүргізушісі Мұхаммед Гулам Йоханнесбургтен оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым (170 миль) жерде орналасқан Харрисмит қаласының сыртында балаларымен қалып қойғанын айтты.

13 сағаттан аса уақыт өтті, тамақ жоқ, құтқарушылардың көмегінсіз бұл жерден кете алмаймыз, – деді ол.

Оңтүстік Африка ауа райы қызметінің синоптигі 2-деңгейдегі қызғылт сары ескертулер берді. Айтуынша, төтенше жағдай жарияланады. Өйткені елдің бірнеше бөлігінде тағы қалың қар жаууы мүмкін.



ПІКІР ЖАЗУ