«Үш рет талақ айтылды»: Фариза Алмасқызы күйеуімен дүние бөлісе алмаған

0
410

Екі баласымен ажырасып кеткен актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі, интим-тренер Фариза Алмасқызы Instagram-да оқырмандарымен сыр бөлісті.

 Бұл ретте блогер келіншек «Нұрсұлтанның үйі бөліске түсті ме?» деген сұраққа да жауап берді.

Бізде заңды неке болмаған. Мұсылманша үш рет талақ айтылды. Тіпті, 10 рет айтқан шығар?! Ол ай сайын алимент төлеп отырғанын «күшті көмектесіп жатырмын» деп ойлайды. Бірақ Айсұлтанның түзету орталығының ақшасы – 300 мың, Хамзанікі – 150 мың. Алимент – 127 мың теңге. Барға қанағат, жоққа сабыр деп жүрміз, – деп жазды Фариза Алмасқызы.

Сонымен қатар ол баласы үшін бәріне дайын аналар туралы да сыр шертті.

Әрбір ана баласы үшін тау қопаруға дайын. Менің күшім – солардың болашағы, бақыты мен амандығы. Балаларымның күлкісі – мен үшін шабыт. Қанша қиындық болса да өзіме деген сенімім мен аналық махаббатым бәрінен күшті. Ана болу – қамқорлық емес, өмірлік миссия, – деді блогер.



ПІКІР ЖАЗУ