Мақпал Жүнісова өзіне сый жасаған Қызылорда әкімдігіне ризашылық білдірді

0
204

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қызылорда әкімдігіне өзіне көрсетілген құрметі үшін ел алдында алғыс білдірді.

Жаңа тойдан келсем, үйіме Қызылорда әкімдігі қауын, алма, қарбыз, күріштен дәм ауыз тиіңіз деп әкеп тастапты. Алла разы болсын! Ертең мен де өнер иелерінің концертін тамашалауға барамын. Келіңіздер, бірге қол соғайық! – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.

Желі қолданушылары да сүйікті әншісін өз өңірлеріне шақырып жатыр. Соның ішінде Мақпал Жүнісова «Қарағандыға келсеңіз, көмір сыйлаушы едік» деген оқырман пікіріне жауап берді.

Ел жаққа барғанда бірдеңе алу үшін емес, ән айтып, көз көргендерге сәлем береміз. Алматыдан базарлық апарамын. Әкімдерді мазаламаймын. Олар келгенімді естісе, дастархан жайып күтеді. 60 жасыма концерт беріп, «Құрметті азамат» деген атақ берді. Қызылорда халқының Алматыға келіп тұрып, осындай сый-құрмет көрсеткендеріне риза болдым. Ауыз тиіңіз деп әкеліп бергенде, мұрным шелектей болды. Әкімдері қандай болса, халқы да сондай кең, – деп жазды ол.



ПІКІР ЖАЗУ