Балжан Бидаш бұрынғы келін болып түскен жеріне барды

0
336

Әнші Балжан Бидаш оралдықтарды қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланатын қала күнімен құттықтады.

Айта кетсек, ол осы Орал өңірінің тумасы, актер Жахан Отарғалиевпен бас қосып, кейін ажырасып кеткен еді.

Оралдықтар өз энергиясымен, талғампаз болмысымен, адекватты, білімді, керек кезде тік мінезімен кезінде жүрегімді жаулап алған. Бүгін де келіп, осы жердің тұрғындарына деген өзгеше махаббатымды тағы бір мәрте сезіндім. Рахмет, Орал! – деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары Балжан Бидаштың Орал қаласының бұрынғы келіні екенін жарыса жазып жатыр.

«Экс-келін деген болмайды, сондықтан Оралға келін болып қала бересіз», «Ерекше көңіл-күй сыйладыңыз», «Жылы лебізіңізге рақмет», «Балжан үшін бардым», «12 жыл дегенде қала күніне бардым. Керемет концерт болды» деп жазып жатыр көпшілік.



ПІКІР ЖАЗУ