Атышулы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды

0
176

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсететін, WBA тұжырымы бойынша ең үздік 10 боксшының қатарында тұрған Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды.

IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы 28 қыркүйекте AllStarsBoxing кешінде 16 жекпе-жегін нокаутпен жеңген Хесус Пинтоға қарсы жұдырықтасуға тиіс еді. Бірақ боксшы Instagram-дағы парақшасына өзінің жарақат алып қалғанын жариялады.

Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы күндері хабарлаймын, – деді Жанқош Тұраров.

Айта кетсек, Жанқош Тұраров – шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол соңғы жекпе-жегінде жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.



ПІКІР ЖАЗУ