«Мен оның тоқалымын»: Мақпал Исабекова күйеуі туралы сұраққа ерекше тоқталды

0
451

Әнші Мақпал Исабекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап беріп, оқырмандарымен сырласты. Олардың дені әншінің күйеуіне қатысты сұрақтар қойған.

Оның ішінде әнші «Неліктен күйеуіңізді көрсетпейсіз? Ол қарсы ма? Әлде ол сіздің күйеуіңіз емес пе?» деген сұраққа тоқталды.

Ол менің күйеуім емес. Ол үйленбеген. Ол – ұсқынсыз. Ол – бандит. Мен оның тоқалымын. Нұсқа көп, өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз. Маған бәрібір, – деп әзілдеді.

Еске сала кетсек, ол бұған дейін де жеке өміріне қатысты сұрағандарға ашуланған болатын.

Шыдамның де шегі бар. Менің жеке шекарамнан өтіп, сұрамасам да ақыл-кеңесін айта беретіндерге таңғаламын. Жеке өмірім мен отбасымды талқылауға жол бермеймін! Мұндай жағдайда мен дөрекілік танытып, қатыгез боламын. Өз басым біреудің жеке өміріне араласпаймын, маған ол қызық та емес. Сол себепті біреудің менің өміріме қол сұғуына жол бермеймін. Әркім өз өмірін өзі сүрсін! Негізі жүрегім жұмсақ, бірақ қажет болса, мен де қатыгез бола аламын. Қысқасы, сізден ақыл-кеңес сұрамаса, онда үнсіз қалғаныңыз жөн, – деген еді Мақпал Исабекова.



ПІКІР ЖАЗУ