Атышулы емшіге Томирис патшайым «Клиникаңды жоғалтып алма» деп аян беріпті
Өзін әрі емші, әрі дәрігер санайтын, «Томирис патшайым» атымен танылған Гүлсара Суазқызының Жамбыл облысындағы мектепке барып, қайырымдылық кешін өткізгені мәлім. Сонда оны мұғалімдер аяғының астына гүл төсеп тұрып қарсы алған болатын. Бұл қоғамда үлкен шу тудырды.
Осылайша желіні шулатқан емші «Көреміз» бағдарламасына берген сұхбатында қызыл көйлегінің құпиясымен бөлісті. Айтуынша, оған түсінде Томирис патшайымның өзі аян беріпті.
Түсімде Томирис патшайым аян берді. Негізі көп жыл бұрын аян берген. Осы менің жұмысымды жалғастырасың деді. «Жеріңе ие бол! Клиникаңды жоғалтып алма! Намазхананы ұста!» деп аян берді. Әрқашан аян көріп, сол бағытпен жұмыс істей бергенмін. Томирис өзінің костюмін маған берді. Дизайнын сызып берген. Костюмдерімнің 37 образы бар, – дейді емші-дәрігер.
Алайда қайырымдылық қорын ұйымдастырған емші-дәрігердің мектепке апарған ескі-құсқы киімдері қоқыста жатқан көрінеді.