«Индираны Жібекпен салыстырмаңдар»: Гүлзира Айдарбекова келіндерін салыстырды

0
405

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлының бұрынғы әйелі Жібек туралы пікір білдірген оқырманына шүйлікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетейік, продюсердің кіші ұлы Заңғар Жібек есімді қызбен үйленіп, кейіннен ажырасып кеткен болатын. Бір оқырман Индира есімді қазіргі келінін Жібекпен салыстырып, Айдарбековадан сын естіді.

«Жібектің кімі боласыз? Ол Индирадан алты жас үлкен, оның жасына жеткенде бәрін үйренеді. Индира әлі жас. Неге салыстырып отырсыз, жақын танымайсыз ғой. Біреудің баласын кемсіту – сіздің кемшілігіңіз. Сөзіңіз шындық емес, ішіңіздегі реніштен кішкентай қызды өсектеп отырсыз. Менің келінімнің ақылы да, миы да сізден асып түседі. Индираны Жібекпен салыстырмаңыз», – деп жазды продюсер.


ПІКІР ЖАЗУ