Баян Алагөзова үшінші қызы кімге ұқсайтынын айтты (фото)

0
157

Отандық продюсер Баян Алагөзова үшінші қызы кімге ұқсайтынын айтты. Ол Instagram желісіндегі парақшасында Тұрсынның Алисамен түскен суретін жариялады.

Баян Алагөзова жариялаған суретте Тұрсын Алагөзов қолына қызын ұстап тұр.

«Алиса әкесімен», – деді продюсер. Көп ұзамай Баян Алагөзова қызы Айарудың суретін жариялады.

«Менің қызым Айару. Айтпақшы, Алиса оған қатты ұқсайды», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Айару жақында Калифорнияға оқуға кетті. Ал Баян Мақсатқызы тамыз айының басында Алиса есімді қызы өмірге келгенін, араға 15 күн салып Алма есімді қызы дүние есігін ашқанын айтып, сүйінші сұраған еді. Жақында продюсер Алисаны қырқынан шығарды.


ПІКІР ЖАЗУ