«Қорғаушыларым қобалжулы»: Жұлдыз Әбдікәрімова заңгер көмегіне мұқтаж

0
203

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында өзін сан соқтырған алаяқты сотта жеңіп шығу үшін заңгерлерден көмек сұрады.

Сот болады! Менің қорғаушыларым қобалжулы. Қарсы тарап тамыр-таныстарын қосып, сотқа ықпал етуге әрекет етіп жатыр екен. Қанша жерден дөкейлерін қосып, тырнағын батырғысы келсе де мен әділ сотқа сенемін. Менің оқырмандарым түрлі пікірде екен. Араларыңызда заңгерлер бар болса, кеңес берсеңіздер. Жазбаны жариялаймын. Ол үшін заңгерлермен ақылдасуым керек. Бәрін толық ашып жазамын, – деді ол.

Сол-ақ екен, оқырмандары арасынан заң саласының мамандары да табыла кетті. Олар актрисаға қазір сот қатаң бақылауда екенін айтып, қолдау көрсетіп жатыр.

Заңгермін. Әділдік бар! Ашық сот отырысы болсын! Уайымдамаңыз, – деп пікір білдірді заң өкілі.



ПІКІР ЖАЗУ