Астанада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды
Елордада дәмханалардың бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша ол палау орталығында газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға «Центр плова» дәмханасында болғаны белгілі.
Астанада Алматы ауданында Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, кейіннен қирауы және жануы орын алды. Қирау алаңы шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізуде.
Фото: Malim.kz