«Ұят әрі аянышты»: Жанқош Тұраровтың әйелі Әнаруға қатысты тың дерек айтты

0
1149

Жанқош Тұраровтың әйелі әлеуметтік желіде Әнару Құрманәліге қатысты тың ақпаратпен бөлісті.

Басы дауға қалған боксшының зайыбы Клара Иса Instagram-дағы парақшасына Әнарудың Жанқошқа белгісіз нөмірлермен күні-түні хабарласатынын, уақыты келгенде бәрін айтатындарын жазған.

Түнімен, Құдайдың құтты күні осындай звоноктар келеді Әнарудан. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету – тіпті ұят әрі аянышты. «Зорланған ару» есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз, – дейді Клара Иса.

Сонымен қатар ол күйеуін тоқтатып, қызды полицияға ұстатып жібермей, аяп отырғанын да алға тартты.

Біз полиция шақырып, трезвый емес жағдайына қарап, ұстатып жіберсек те болар еді. Адамдыққа салынып, аяп отырмыз. Жанқошты тоқтатып отырмын. Бұл ашуланатын емес, аяйтын жағдайдағы адам ғой, қиялына ерік берген деп, – дейді боксшының зайыбы.

Оған қоса Клара Иса бұл жаңалық шыққалы өзіне Әнару туралы көптеген лас ақпарат пен фото, видеолар келгенін, сабыр сақтап, ештеңені шығармай отырғанын, қызды аяйтынын және сабыр тілейтінін жазып кеткен.

Сондай-ақ «Жанқоштың үйленгенін білмедім» деген Әнарудың Instagram-да бұл жұпқа бақыт тілеп жазғандарын да көрсеткен.



ПІКІР ЖАЗУ