«Бұттың айналасынан басқаны зерттемей ме?» – Ахметбек Нұрсила діндарларға шүйлікті

0
164

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook-тегі парақшасына әсіредіншілдердің жаппай адамның жыныс мүшесі төңірегіндегі жарнамалары қаптап кеткенін сынға алды.

Ислам діні сексология ілімін ғана зерттей ме? Мына бауырлар осы білімді қайдан үйреніп алған? Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, оранған қыздар «ҚЫНАБЫҢДЫ ТАРЫЛТ» ал мұрты жоқ сақалды азаматтар «МҮШЕҢДІ ҰЗАРТ», имамдар «ЖҰМАҚТА 40 ЕРКЕКТІҢ КҮШІ, ПӘК ҚЫЗДАРМЕН РАХАТТАНАСЫҢ» деп шыға келеді! Дінге кірсең, бұттың айналасынан басқаны зерттемейтін, ғылым-білімнен ада адам болатыныңды осыдан көрсек болмай ма? – дейді кәсіпкер.

Өзге желі қолданушылар да оны қолдап, жоғарыда айтылған жарнамаларды көруден әбден ығырлары шыққанын жазып отыр.



ПІКІР ЖАЗУ