Жамбыл облысында 38 жастағы әйел абақтыда некеге тұрды

0
260

Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйел заңды некеге тұрды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 38 жастағы сотталған алаяқтықпен айналысқаны үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі негізінде кінәлі деп танылып, сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Шынайы махаббатқа ешқандай кедергі жоқ. Бастысы, жүрегіме жақын адамымды таптым. Сүйіктім екеумізге отбасын құруға мүмкіндік берген түзету мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайықты, – дейді сотталған әйел.

Жалпы, бүгінде аталған мекемеде бас-аяғы 81 азамат жазасын өтеп жатыр десек, оның 5-еуі – әйел.



ПІКІР ЖАЗУ