Жерде жақында екінші Ай пайда болады – ғалымдар

0
133

Жқында Жердің екінші серігі пайда болады. Ғалымдардың дерегінше, астероид планетаға жақын маңнан ұшып өтеді. Алайда Жерге жақындағанда тартылыс күшінен траекториясын өзгертіп, бірнеше аптаға планетаның екінші серігіне айналады.

Екінші «Айдың» диаметрі небәрі 10 метр. Оны тек ай – қарашаның соңына дейін тамашалауға болады. Шамамен 25 қарашада тартылыс күшінің әсерінен босап, әрі қарай «саяхатын» жалғастырады.

Аспан денесін арнайы құрылғысыз көру мүмкін болмайды. Астрономдар арасында 2024 РТ5 деп аталатын астероид Арджун белдеуінен ұшып келген. Астероид бұлты түрлі көлемдегі тастардан тұрады. Кейде жеке астероидтар Жерге жақын келеді екен.

Шағын Айларды ғалымдар бұған дейін де байқаған. Тіркелген аспан денелерінің кейбірі Жерге қайта келген екен.

Кілтсөздер:айғалымдар


ПІКІР ЖАЗУ