Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

0
70

Алматыда All Stars Boxing кешінде қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов кездесті. 6 раундқа жоспарланған бұл кездесуде Қуат Хамитов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Бокс кешінің басты оқиғасы – Данияр Елеусінов пен филиппіндік боксшы Джо Нойнай арасындағы жекпе-жек.

Еске сала кетсек, Қуат Хамитов 11 мамырда RCC 19 турнирінде ресейлік файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жекке шыққан еді. Кездесу орта салмақ дәрежесінде (83,9 келі) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен есе жіберген болатын.

Ал Нұрберген Шәріпов ММА-де 15 жекпе-жек өткізіп, 11 жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Бір мәрте тең нәтиже тіркеген.



ПІКІР ЖАЗУ