Алагөзовтер кіші қызын қырқынан шығару рәсімін де ерекше атап өтті

0
122

Продюсер Баян Мақсатқызы мен күйеуі Тұрсын Алагөзов Алма есімді қыздарын қырқынан шығарды.

Баян Мақсатқызы Instagram-дағы парақшасына қырқынан шығару рәсімінен видеолар жариялады. Ол дастарқанды алмалармен безендірген. Тортты да алма пішінінде жасатқан.

Баян және Тұрсын Алагөзовтер қыздарының қырқынан шығару рәсіміне туған-туысқандары мен жақын достарын шақырған. Қырқынан шығару рәсімінде қоржындар да таратылды.

Бақытты болғыларыңыз келсе, болыңыздар! Бақыт сырттан келмейді. Оны өзіңізден, жандүниеңізден және сізді қоршаған нәрселерден табу керек! Бақытты қаласаңыз, бақытпен бөлісіңіз! Бүгін бақытты күн, – деп жазды Баян Алагөзова.



ПІКІР ЖАЗУ