«Білсең де, білмегендей болып…»: Ерке Есмаханның желідегі жазбасы жұртты ойландырып қойды

0
457

Әнші Ерке Есмахан Instagram желісінде Hollywood-тағы өнер иелерінің айналасындағы дау туралы сөз қозғады.

Ол жұртшылықтан бұл ақпардан қаншалықты хабардар екенін сұрады.

Мына заманда көрсең де көрмегендей болып, естісең де естімегендей болып, білсең де білмегендей болып отыра берген дұрыс-ау. Түсінуге тырыссам, жүрегім ауырады. Меңзеп отырғаным – Hollywood-тың шоу-бизнесінде болып жатқан оқиға. Естулеріңіз бар ма?, – деді Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырды. «Көріп, таңғалдық», «Голливудта неміз бар,өз былығымыз да аз емес», «Ешқашан ештеңе елеусіз болмайды, тек бәрі өз сәтімен болады», – деп жазды олар.

Еске салайық, әлемге аты белгілі  P. Diddy лақап атымен танымал рэпер Шон Комбс адам саудасы мен басқа да бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, ұсталған еді.

Кілтсөздер:әншіЕрке Есмахан


ПІКІР ЖАЗУ