Түркістан облысында зорланған 13 жасар қыз сәбилі болды

0
92

Бала құқықтарын жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысында 13 жасар қыз зорланып, артынша бала туғанын мәлімдеді.

Уәкіл тағы бір 15 жасар қыз зорлықшыдан жүкті екенін айтып, дабыл қағуда.

Динара Зәкиева Сарыағаш ауданындағы ауылдық мектепке жүргізілген сауалнамада балалар қорқыту мен бопсалауға ұшырағанын жазған.

Сол мектепте көктемде бір бала өз-өзіне қол жұмсаған және 15 жасар қызды зорлау салдарынан жүкті болған. Екі оқушы да психологтарға салып берген суреттерінде өздерін нашар сезінетінін білдірген. Алайда бұған ешкім жеткілікті мән бермеген. Әлеуметтік, қорғаншылық қызметкерлерімен немесе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциямен бірлесіп жұмыс жасалмаған. Олар сурет арқылы көмек сұраған. Алайда ешкім құлақ аспаған, мән бермеген, – деп жазды Зәкиева Facebook парақшасында.

Зәкиеваның сөзінше, Келес ауданында зорлау салдарынан 13 жасында сәби босанған қыз жыл басынан бері мектепке бармайды. Мектеп директорының орынбасары хабардар болса да, ешқандай шара қолданбай, істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға тапсырмаған.

Кілтсөздер:жүктілікоқушы


ПІКІР ЖАЗУ