Астанада көшеден 20 жастағы қыздың денесі табылды

0
126

30 қыркүйек күні елордада жас қыздың денесі табылды.

Бойжеткеннің денесі Майлин көшесінен табылған. Астана қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты.

Полиция қызметкерлері 20 жастағы қыздың жеке басын анықтады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – делінген мәліметте.

Кейбір мәліметтер бойынша қыз жоғарғы қабаттың терезесінен құлаған болуы мүмкін.



ПІКІР ЖАЗУ