Роза Рымбаеваның ұлы өзінің ауруы туралы ашық айтты
Белгілі әнші, Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов өз денсаулығы жайлы айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.
Әли Оқапов Instagram storis-те дисфония диагнозы қойылғанын айтты. Бұл дегеніміз ән орындау кезінде дауыстың жұмысын қиындатады. Оның айтуынша, бұл мәселемен 5 жыл бойы күресіп келеді. Дауысының нашарлауы стресс пен шамадан тыс шаршағанның кесірінен деп келтірді.
«Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін», – деп жазды Әли Оқапов.