Мектеп автобусы өртеніп, 25 адам тірідей жанып кетті

0
1174

Таиландта мұғалімдер мен оқушылар мінген екі қабатты автобус өртеніп кетті.

Салдарынан 20-дан аса адам мерт болды. Бангкоктың шетінде оқушылар мен мұғалімдер мінген мектеп автобусы экскурсия кезінде өртеніп кеткен. Онда 38 бала мен 6 мұғалім болған. Болжам бойынша, 44 адамның 25-і көз жұмған. Көлік министрі Сурья Хуангроонгруангкиттің айтуынша, тағы 16 бала мен 3 мұғалім ауруханаға жеткізілген.

Өртенген автобус табиғи газбен жүретін көлік түрі екен. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Полиция бастығының міндетін атқарушы Киттират Фан Пхет өрттің тез басталғанын мәлімдеді.

Кейбір оқушы терезеден шығып, аман қалған. Қазір барлығын тексеріп жатырмыз, тіпті автобус компаниясының салғырттығы болуы мүмкін деген болжам бар, – дейді



ПІКІР ЖАЗУ