«Нансоғар, есерсоқ»: Меруерт Түсіпбаева өзін сынаған ерлерге ашулы

0
400

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің семіздік туралы постына сын айтқан жігіттерді жаппай сыбап тастады. Сөзіне қарағанда, әншінің жазбасына қарны бар ер-азаматтар қарсы реакция білдіргенге ұқсайды.

Менің семіздік туралы айтқан пікірімді қуана қарсы алып, хэйт жасап, пабликтерге салып, оттап, арнайы пост жасап отырған, нансоғар, есерсоқ еркексымақтарға айтарым бар! Семіздік деген – қасірет және мен семіздікке денсаулығының кесірінен душар болғандардан кешірім сұрағанмын. Екіншіден, менің айтатыным, өсек термей, спортпен айналысып, отбасыңның жағдайын жасап, диваннан артыңды көтеріп, тіпті болмаса, мемлекеттің, халықтың жағдайын, алдымызда тұрған үлкен мәселе – АЭС-ті зерттеп, сол туралы пікіріңді айт, – деді әнші.



ПІКІР ЖАЗУ