«17 рет қана кездестік»: актер Ермек Шынболатов шаңырақ көтерді

0
455

Көпшілікке «Дәстүр», Адал алаяқтар» фильмдері арқылы танылған актер Ермек Шынболатов шаңырақ көтерді. Өнер иесінің таңдауы Ақбота Сейітмағамбет емес болып шықты.

Ақбота Сейітмағамбетпен түскен видеоларымен желіні шулатқан Ермек Шынболатов енді ресми түрде бойдақ емес. Танымал актер өмірлік серігін жолықтырып, отбасын құрған. Өнер иесі

«Revue News» бағдарламасына той үстінен сұқбат беріп, әсерін бөліскен. Оның таңдауы шымкенттік Гүлбала есімді аруға түскен. Жастар әлеуметтік желіде танысып, 7 ай бойы кездесіп жүрген.

«Тойды өз күшіммен және достарымның қолдауымен жасадым. Ең жақын деген 350 адамның басын қостым. Осы мауысымдағы табысымның барлығы тойға кетті. Сүйіктіммен кездесу үшін 15 күн сайын ұшаққа билет алып баратынмын. 2-3 күн кездесіп, қайтадан ұшып кететінмін. Бас-аяғы тойға дейін 17 рет кездестік. Ол мені баурап алды. Көзім көрді, жүрегім сезді. Қалыңмалға 4 млн теңге бердім», – деді актер.

Оған қоса Шынболатов өзінің Ақбота Сейітмағамбетпен түскен видеосына қатысты пікір білдірді.

«Ол бұл қызға дейін болған түсірілім ғой. Фильм 10 қазанда жарыққа шығады. Сол себепті желіні шулатқан видео тоймен тұспа-тұс келіп қалды. Әрине, келіншегім қызғанады. Бірақ бәрі өз арамызда. Шын жақсы көретін адамдар бір-бірін түсінеді. Махаббат бәрін жеңеді.


ПІКІР ЖАЗУ