Таяу Шығыстағы шиелініс: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

0
62

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін брифинг өткізіп, Қазақстан тараптарды ұстамдылыққа және күш қолданудан бас тартуға шақырады.

Министрлік бүгін Қазақстанның Израильде консулдық есебінде 120 адам, Иранда – 102, Ливанда – 143 адам түр. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар. СІМ олардың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

Сондай-ақ, еліміздің Израильдегі елшілігі мәлімдеме жасады. Қазақстандықтардан абай болуды және байланыста болуды сұрады. Міне, елшіліктің байланыстары:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (мобильді, WhatsApp)

+972 55 273 38 13 (мобильді, WhatsApp)

+7 700 111 31 96 (WhatsApp).

Айта кетейік, бұған дейін Иран Израильді зымыранмен атқылады. Ал Израиль «Хезболла» ұйымына қарсы құрлық операциясын бастады.

Фото: Сыртқы істер министрлігі


ПІКІР ЖАЗУ