«Өтініш…». Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке үндеу жасады
Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялады.
Ол Instagram парақшасы арқылы оқырмандарымен байланысқа шығып, күйзлеіске бей-жай қарамау керек екенін алға тартты.
Тартынбаңызшы, өтініш. Жаныңыз күйзелісте болса, жүрегіңіз тыныштықты аңсаса, уайым мен өкпе жегідей жесе, тіпті өз-өзіңізді жоғалтып бара жатқаныңызды сезе тұра, бөлісуден, көмек сұраудан, жақыныңызға хабарласудан тартынбаңызшы. Әлемдегі проблеманың ешқайсы адам өмірінің құнындай емес! Сіз бәріне керексіз. Мен бұл ойыммен неге бөліскенімді алматылықтар жақсы түсінеді, – деп жазды Сұлтанқызы.