«Ерке емес, еркек қыз». Мақпал Жүнісова өзіне баға берді
Халық әртісі Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге сұқбат берді.
Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында Дина Төлепбергенге берген сұқбатынан үзіндіні жариялады.
Журналистің «Бойыңызда қайсысы көп, өнер ме, әлде нәзіктік пе?», – деген сауалына Жүнісова былай жауап берді:
Өнер. Нәзіктікті ұмытып кеттік қой қазір. Ерке қыз емес, еркек қыз боп кеттік қой, – деп күлді әнші.