Қазақ эстрадасының танымал жұлдызы қайтыс болды

0
1823

Қазақ­стан Рес­публикасының еңбек сі­ңір­ген әртісі, әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды.

Бұл хабарды журналист Оралхан Дәуіт желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, ертең өнер иесінің жаназасы оқылады.

Қайран, Гүлнәр әпке… Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз… Алла Тағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды, – делінген Оралхан Дәуіттің парақшасында.

1985 жылы Гүлнәр Сиқымбаева «Гүлдерге» қабылданып, танымал ансамбльде өнер көрсеткен. Ол қазақ, орыс, түрік, тәжік тілдерінде ән шырқаған. Қырғызстан және Қазақ­стан Рес­публикасының еңбек сі­ңір­ген әртісі.



ПІКІР ЖАЗУ