Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды
АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын отбасы асырап алған қазақ қызы Динара өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды politico.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы белгілі журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсезім айтты.
Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті.
Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?!
Сұрақ көп, жауап жоқ…
Неткен өкініш…
Неткен қасірет…
Динара, кешір мені, кеш бізді…
Рухың пейіште шалқысын.
Жап-жарық едің…
Қош бол, Жарық Күн.
P.S. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын, – деп жазды ол.
Қостанай өңірінің тумасы марқұм Динараны американдықтар алты жасында асырап алған екен. Ол психология мамандығы бойынша оқыған еді.