«Қазақмыс» компаниясының шахтасында екі адам қайтыс болды

0
150

Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға болып, екі жұмысшы қайтыс болды.

Бұл туралы «Қазақмыс» тобының баспасөз қызметі хабарлады. Шахтада көміртегі газы бөлінген.

Компания мәліметінше, жұмысшылардың бәрі жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Дегенмен, екі жұмысшы қайтыс болған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

Кілтсөздер:жұмысшышахта


ПІКІР ЖАЗУ