Атырауда 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтіріп тастады
Атырауда 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтіріп тастаған соң, өзіне қол жұмсаған.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын «кувалдамен» өлтіріп, «кешіріңдер мені» деген хат қалдырған. Оқиғаға не себеп болғаны белгісіз.
Атырау облыстық Полиция департаменті қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.