«Қызғанып қалдық»: Нұрболат Абдуллин бейтаныс қызбен вальс биледі

0
446

Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин қазір Қазақстанның әр қаласын аралап, концерт беріп жүр. Өнер иесі күні кеше Қызылордада өткен ән кешінде көрерменмен вальс билеген.

Әнші концерттегі видео үзіндісін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда сахнада тұрған Нұрболат Абдуллиннің бірнеше нәзік жандымен вальс билегенін аңғаруға болады.

«Қызылорда болған соң қызыл көйлек кигенмен билеймін дегенмін ғой»,- деп жазды әнші.

Желі оқырмандары видео астына түрлі пікір жазып қалдырды. Олар сахнада өнер иесімен билеген қыздардың арманы орындалды деп есептейді.

«Кеше неге Тараздың қыздарын биге шақырмадыңыз?»,»Қуаныш сыйлау оңай, ол – жылы сөз бен жылы жүз. Қыздардың бал-бұл жанған жүздері-ай», «Не деген бақытты қыздар, қызғанып қалдық», «Әр ән айтқанын, әр қимылын көріп отыра бергім келеді», «Әйелдер қуанып қалды», – деп жазды көпшілік.


ПІКІР ЖАЗУ