Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды
Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды.
Қаралы хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеткізді.
«Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр.
Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын.
Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне Құран бағыштадық деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.