Талғарда 16 жастағы жасөспірімді өлтірді деген күдіктілердің суреті тарады

0
3144

Алматы облысы Талғар қаласында пышақ және тапаншамен қаруланған бір топ адам 16 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен еді. Желіде күдіктілердің суреті тарады.

Желідегі фотода жетеуінің суреті бар. Оның екеуінің сотталғаны жазылған. Шерзатқа пышақ сұққан жігіт бұрын сотталғаны, 2000 жылы дүниеге келгені көрсетілген. Ал әу баста сыра барған жігіт – 1993 жылғы көрінеді.

Еске салайық, оқиға 4 қазанда болған. Баланың әкесі жалға дүкен алып, сауда жасаған. Төбелес осы дүкеннен басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлемей кете барған. Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған. Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған. Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш көлікпен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болған.

Ауыр жарақаттан Шерзаттың басы қақ айырылып кеткен.

 



ПІКІР ЖАЗУ