«Күйеуіме дауыс көтермеймін»: Айсәуле Бақытбек отбасылық өмірімен мақтанды

0
347

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа жауап беріп, отбасылық өмірі туралы сыр шертті. Желі жұлдызы күйеуіне ұрысып, дауыс көтермейтінін айтты.

Желі қолданушыларының бірі Айсәуле Бақытбектен «Себепсіз жолдасыңызға дауыс көтерген кезіңіз болды ма?» деген сауал жолдады. Желі жұлдызы мұндай жағдай отбасында жоқ екенін айтып, ата-анасының да балалардың көзінше ұрыспағанын жеткізді.

«Себепсіз де, себебі болса да күйеуіме дауыс көтермеймін, ұрыспаймын. Бұл біздің үйде қатып қалған қағида. Ата-анам біздің көзіміше ұрысқан емес. Сіңлім екеуміз де бір-бірімізге дөрекі сөз айтып көрген емеспіз. Мен ұзақ уақытқа созылған монолог оқуым мүмкін. Бірақ ешқашан күйеуіме дауыс көтермеймін. Барлығына сыйластық танытуға тырысамын. Жұмысымда да солай. Біздің жиналыстарда қызметкерді сынау, сөгу деген жағдайлар мүлдем жоқ», – деп жазды блогер Instagram-дағы парақшасында.


ПІКІР ЖАЗУ