Қайрат Нұртас әкесін туған күнімен ерекше құттықтады

0
331

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас әкесі Нұртас Айдарбековті туған күнімен құттықтап, жантебірентерлік өлең жолдарын арнады.

Өнер иесі әкесіне ақ тілегін Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.

«Қорғаштап өмір дейтін сында бізді, жүрдіңіз еңкейтпестен тұлғаңызды. Әкетай, дейміз сізге жүз жасаңыз,ақ тілек тағыңыз да жырдан ізгі! Өмірде талай асу алынғаны, бақыттың оты бізге жағылғаны. Бір сіздің еңбегіңіз екен, әке, бүгінде ойлап тұрсақ – соның бәрі. Біз үшін өткен талай жылдарыңыз, жатыр ғой сол өмірде тұлғалы із. Әкелік мектебіңізден тәлім алған, бұл күнде өзі де әке-ұлдарыңыз. Туған күніңізбен құттықтаймын», – деп жазды ол.

Қайрат Нұртастың әкесін желі қолданушылары да құттықтады. Олар әншіге де ақ лебізін жазуды ұмытқан жоқ.

«Қайратты оқушы кезімде жақсы көретінмін, жасым 40-қа келсе де, әлі жақсы көремін. Жүзінде қиянатқа бой алдырмайтын бір мейірім бар», «Алла бақ берген бала ғой», «Аман болсын асқар тауың», «Жүзі нұрлы әкетайыңыздың дені сау болсын», «Әкеңіз 100 жасасын», «Құтты болсын», – деп жазды жұрт.


ПІКІР ЖАЗУ