«Интим фото-видеолармен қорқытты». Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінен көрген қорлықтарын жайып салды
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінен көрген қорлықтарын айтты.
Олар үш жылдай некеде болған.
Оның қитұрқы әрекеттері ажырасқаннан соң да тоқтаған жоқ. Күні-түні қоңырау шалып, мазамды алатын. Қайда барсам да, артымнан ілесіп жүрді. Жоқ жерден шыға келеді. Дәрігерге жазылсам, сол жерде жүреді, тіпті осы жайттардың бәрінен соң денсаулығым нашарлап, процедурада жатқанымда, сол жерге кіріп келді, – дейді журналист.
2024 жылғы 13 маусымда сот үкімі күшіне енген. Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі интим фото-видеоларымен қорқытқан. Айыпталуышынң кінәсі дәлелденіп, Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылған.