Алматы көшелерінде пышақ ұстаған ер адамдар жүргіншілерді қорқытып жүр

0
596

Алматыда көшелерінде белгісіз үш жігіт мас күйде көлік айдап, пышақ ұстап жүр.

Олардың ерсі әрекеті видеоға түсіп қалған. Видео авторы ер адамдардан жүргіншілерді неге қорқытып жүргенін сұрайды.

Мас байдың балалары Алматының қақ ортасында қолында «охотничий» пышағын ұстап жүр. Тіпті мас болса да, көлік тізгіндеген. Сәл болмағанда Талғардағы жағдай қайталайын деп қалды, – деп жазды видео авторы.

Видеодан сақал-мұрты бар белгісіз жігіттердің ер адамға жақындап, боқауыз сөз айтқанын естуге болады. Сонымен қатар, қолдарындағы суық қару анық көрінеді.

Полиция аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіп, құқық бұзушылар ұсталғанын мәлімдеді.



ПІКІР ЖАЗУ