«Ойымда дым жоқ». Бала күнгі видеосын жариялаған Дариға Бадықова елді таңғалдырды

0
325

Отандық актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова бала күнінен видео жариялап, қызу талқыға түсті. 

Ол бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда 8 жасар актрисаның сахнада ән шырқап тұрғанын көруге болады.

Ақ сәулем» әнін орындап жатқан 8 жасар Дариға. Осы кезде ойымда дым жоқ. «Таптым-ау сені» фильмімен жанталасып жүретінімді білмедім-ау, – деп жазды өнер иесі.

«Дауысыңызда қоңыр үн бар екен», «Бала күніңізден жұлдыз болыпсыз ғой», «Шашымыз бірдей болыпты. Қазір 8 жасар қыздарда мұндай шаш жоқ», «Өнерге кездейсоқ келмеген деп осыны айтады», «Дауысыңыз керемет», «Кішкентайынан әнші екен ғой Дариға ханым», – деп жазды оқырман қауым.



ПІКІР ЖАЗУ