«Мен өлсем бала-шағама кім қарайды». Шерзаттың әкесі жанайқайын жеткізді

0
1510

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі бүкіл елдің қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатты.

Көп уақыт өтпей, жасөспірім тұрған үйдің өртенуі ата-анасының қайғысын одан сайын күшейткені рас. Журналистерге берген сұхбатында баланың әкесі Қаржаубай Нұрымов өзінің өмірі үшін емес, бала-шағасының, туыстарының жағдайы үшін уайымдайтынын жеткізді.

Өзім үшін қорықпаймын. Халық, бала-шағам үшін қорқамын. Біреудің қайғысы болса, біреуге ұпай керек шығар.  Ақ-қарасы анықталған соң кінәлілер жауап береді деп ойлаймын. Құзырлы органдарға ғана емес, менің жанымда жүрген жігіттер, қайғыма ортақ халықтың бәріне ертең не болып кететіні анық көрініп тұр. Бір жағдай болатын болса, мен жауап берем. Мен кетіп қалсам, балам үшін шырылдайтын, бала-шағама, әке-шешеме қарайтын адам болмайды. Қолымнан келгенше күресем. Баламның аруағы разы болуы үшін соңына дейін күресем, – деді ол.

Кілтсөздер:шерзат болат


ПІКІР ЖАЗУ