Баян Мақсатқызы суррогат аналарға қанша теңге жұмсағанын айтты

0
951

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен суррогат аналарға қанша теңге жұмсағанын айтты.

Шоу-бизнес жұлдызы “Көреміз” бағдарламасына келіп, жұмсалған қаражатты бүкпесіз баяндап берді.

“Маған ештеңені жасырған ұнамайды. Ашық дереккөзде барлығының бағасы тұр. Суррогат аналардың ай сайынғы жалақысы – 250-350 мың теңге арасы. Бұл баға суррогат аналардың сұрағанына қарай бекітіледі. Ал қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек төленеді. Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллион аралығында болады. Менің жағдайымда бірі 6 миллион теңге сұрады, екіншісі 7 миллион теңге сұрады. Мен оларға артығымен төледім. Өйткені ол суммалар мен үшін өте аз болды. Қос анамыз да ондайды күтпеді”, – деді продюсер.


ПІКІР ЖАЗУ