«Ауылда «бандитизм» жоқ»: Рысқұлов ауылының тұрғындары халыққа үндеу жолдады

0
371

Талғар ауданы, Рысқұлов ауылында (бұрынғы Хутор) шамамен 60 шақты адам жиналып, жұртқа видеоүндеу жазды деп хабарлайды DALA INSIDE Telegram арнасына сілтеп.

Видеоүндеуде ауыл тұрғындары ел арасында тараған ауылда «бандитизм» жайлағаны туралы ақпаратты теріске шығарды.
Ауылға қатысты теріс пікірлерге наразы болған олар, қоғамдық тәртіптің бұзылмағанын ерекше атап өтті.

Оқиға орнында патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Жағдай тұрақты. Ақпарат бойынша әлі де толықтыру болады.


ПІКІР ЖАЗУ