«Әділдік жоқ». Шерзат Болаттың әкесі жанайқайын жеткізді

0
648

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов елден көшетінін мәлімдеді.

Ол әлеуметтік желіде тағы да үндеу жариялады.

Бір ғана өтінішім бар, қазақ елінде ешқандай қан-төгіс болмасын. Тоқаев мырзадан сұрайтыным, отбасымды аман-есен алып, осы Алматы қаласынан алып кетсем болды, – деді Шерзаттың әкесі.

Қаржаубай Нұрымов елде қантөгіс болмағанын қалайтынын тағы да айтты.

Қайғы-қасіреттен шаршадым. Мен тек әділ сот болуын қалаймын. Менің не бауырымның кінәсі болса, жазаласын. Менің баламды өлтірген адам да әділ жазаға кесілсін. Себебі баламның жарақаттарын жасырмақ болды. Ештеңеге таңғалмайтын жағдайға жеттім.

Пышақ ұстап жүр деп жатыр. Олар пышақпен келді. Мен енді қаламмен немесе қағазбен шықпаймын ғой. Жалынып, жалбарынып сұрадым, қолдарын алдым. Сол жерде қолдарын еркекше беріп кетті. Артынан келіп істеп отырған тірлігі – мынау. Мен, Шерзат немесе Нұрғанат біреуіміз сол жерде қан төксек бізді қаралап, “қанішер” десеңіздер болады. Мен қан төккен емеспін, қан төкпеймін де. Менің басымдағы жағдайды, қарындасымның, анамның, әйелімнің қалай жылағанын көрсеңіздер түсінесіздер. “Анам, әкем” деп жылау бір бөлек, бірақ “ботам” деп жылау мүлдем бөлек,  – деді марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов.



ПІКІР ЖАЗУ