Шерзаттың өлімі: күдіктілердің екеуі сұлулық салонында жұмыс істейді
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар күдіктілердің қайда жұмыс жасайтынын жеткізді.
Оның сөзінше, күдіктілердің екеуі ипподромда тұрақты жұмыс істейді, бірі Шымбұлақта жұмысшы, екіншісі «Ақбұлақта» күзетші, екеуі сұлулық салонында жұмыс істейді.
Вице-министр олардың барлығы кәмелет жасқа толған азаматтар екенін жеткізді.
Сонымен қатар, бейнебақылау камерасына түсіп қалған екі әйел кісінің оқиғаға ешқандай қатысы жоғы анықталды.