«Жерден алып, жерге салатындар шаршатты»: Айдарбекова халықты сынады

0
908

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты мақтаған жастарға тәнті болып, оларға алғысын айтты.

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртасты тыңдайтын жастардың видеосын жариялап, жан сырын ақтарды.

«Жастардың талғамы жайлы екен. Көзім шалып қалды. Қай ана болса да, баласы жайлы жылы сөздер естігенді жек көрмес. Фейк өсекші, жұлдыздарды пайдаланып, хайп жасап, оқырман көбейту әрекеттерді көріп жүрміз. Адамдарына ақша төлеп пиар етіп, өтірік тақырып ойластырып, айтпағанды айтты етіп елді шулатып жүргендер де жетерлік. Жерден алып, жерге тығып отыратындар шаршатқан еді. Мына жастардың жылы сөздері үшін жақсы көріп отырмын», – деп жазды жұлдызды ана.


ПІКІР ЖАЗУ